Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қызметкерлері екі "кибержиһадшыны" ұстады (видео)

Опубликовано:

ҰҚК қызметкерлері
Видеодан кадр: ҰҚК ресми сайты

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің екі "кибержиһадшыны" қалай ұстағанын көрсетті. Видео ҰҚК ресми сайтында жарияланған.

Ведомствоның хабарлауынша, 6-12 желтоқсан аралығында ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуын өткізген.

Ол "Қазақстан киберқалқаны" техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюына, әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған.

"Осылайша, "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуының нәтижелері бойынша еліміздің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша өңір ауқымында бірегей тәжірибе алынды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды", - деді ҰҚК-ның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына және АКИАМО-ға кибершабуылдарды тергеп-тексеру шеңберінде жедел штаб жасақталып, тиісті топтар құрылған. Олар шартты бұзушыларды іздестіруге және киберқылмыстардың дәлелдеме базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізген.

Нәтижесінде ҰҚК заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтап, екі "кибержиһадшыны" ұстаған.

"БАҚ-та материалдар мен оқу бейнефильмін дайындау үшін ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау және шартты бұзушылардан жауап алу барысы фото, бейне-тіркеумен көрсетілді", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасынан өтпек болған көліктен 60 келі героин тауып алған еді.

Сондай-ақ ҰҚК қызметкерлері Ақтөбе облысында елікті заңсыз атқан браконьерлерді ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889998-kk-kyzmetkerleri-eki-kiberziadsyny-stady-video/

pixel