Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевтағы қыз баланы ұрлау ісі: Күдіктінің өлімінен соң ҚАЖД басшылығы жазаланды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Сәтбаевта 5 жасар қыз баланы ұрлап, зорлады деген күдікке ілінген азаматтың өлімінен соң Қарағанды тергеу изоляторының басшылығы мен өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жазаланды. Бұл туралы еліміздің қылмыстық - атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Қазан айында Қарағандыдағы тергеу изоляторында бес жасар қыз баланы ұрлап, зорлады деген күдікке ілінген азамат қайтыс болған еді.

ҚАЖ департаментінде осы жағдайдан кейін полицейлер тексеру жүргізгенін хабарлады. Абақтыдағы азамат өзіне қол салған болып шықты. Марқұмның денесінде азаптау белгілері болмаған.

Сондай-ақ күдіктіні тиісінше бақыламау фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізілген.

"Бұл үшін қызметкерлер, атап айтқанда, АК-159/1 мекемесінің басшылық құрамы және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД тәртіптік жазаға тартылды", - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылған еді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстағанымен, жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен болатын.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты пікір білдірді.

Осыдан кейін бүлдіршіннің ата-анасы үндеу жасап, ел тұрғындарынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары 23-24 шілде күні болған қылмыстың хронологиясына арналған видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890013-stbaevtagy-kyz-balany-rlau-isi-kdiktini-liminen-so-kazd-bastygy-zazalandy/

pixel