Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Израильде бүгін, 20 желтоқсанда азаматтарды коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Екпе ең алдымен билік өкілдеріне егілмек деп хабарлайды РИА Новости.

Алғашқы болып екпе алатындардың қатарында медицина қызметкерлері, медициналық университеттердің студенттері мен билік өкілдері бар. Осылайша олар ел азаматтарына үлгі болмақ.

Жаппай вакцинациялау бастала салысымен Израиль денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Эльрои Прайсқа екпе егілген.

"Бұл күн Израиль мемлекетінің азаматтарына жаңа үміт сыйлайды - қалыпты өмірге қайта оралуға деген шынайы үміт. Вакцина тиімді, қауіпсіз және екпеден кейінгі сезім керемет", - дейді вакцина салдырған Прайс.

Эльрои Прайстан бөлек, тікелей эфир барысында премьер-министр Биньянмин Нетаньяхуға, денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейнге, Шиба медициналық орталығының 50 қызметкеріне екпе салынған.

Сондай-ақ Израиль президенті Реувен Ривлинге, муниципалитет басшыларына коронавирусқа қарсы вакцина егіледі деп күтілуде.

Осыдан кейін ауру жұқтыру қаупі басым топқа жататын азаматтар вакцинацияланады.

Айта кетсек, өткен аптада Израильге Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасының алғашқы легі жеткізілген. Премьер-министр Нетаньяху Израиль 4 млн азаматқа вакцина алу үшін келісімшартқа отырғанын мәлімдеген еді.

Одан бөлек, Израиль 1 қарашада коронавирусқа қарсы өз вакциналарын клиникалық сынақтан өткізуді бастаған.

Еске сала кетсек, Бельгияда шенеунік үкіметтің коронавирусқа қарсы вакцинаны қандай бағаға сатып алғаны жөніндегі құпия ақпаратты абайсызда жария еткен болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирус вакцинасының жетістіктері туралы айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890025-izrailde-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcinacialau-bastaldy/

pixel