Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жаппай жол апатынан төрт ересек адам мен бір бала көз жұмды

Опубликовано:

Тұман
Фото: pexels.com

Павлодар облысындағы тас жолда үш автокөлік соқтығысып, салдарынан бес адам қайтыс болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, жаппай жол апаты бүгін, 20 желтоқсанда болған.

Павлодар-Қызылорда тас жолындағы қолайсыз ауа райы салдарынан Subaru Outback, Lada Granta және Тоyоtа Cаmry көліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүргізуші, үш жолаушы мен кішкентай бала көз жұмған. Олардың барлығы Lada Granta көлігінде болған.

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Марқұмдардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді құқық қорғау органы.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауды, сондай-ақ тас жолдағы жағдай туралы хабарламаларға назар аудару керектігін ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтпек болған қызды көлік қағып кеткенін жазған едік.

19 жастағы астаналық ару оқиға орнында көз жұмған.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Сараптама нәтижелері жүргізушінің мас болмағанын көрсеткен.

Сонымен бірге 19 желтоқсан күні Алматы қаласында Lada Granta көлігі мен Yutong автобусының қатысуымен жол апаты болғанын хабарлаған едік. Салдарынан 6 адам жарақат алған.

Бұл факт қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890047-pavlodar-oblysynda-zappaj-zol-apatynan-bir-bala-men-trt-eresek-adam-kajtys-boldy/

pixel