RU

Алматы облысында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған

Көлік қарлы күні жолда келе жатыр
Көрнекі фото: Julian Stratenschulte/Picture alliance/Getty Images

Алматы облысында ішінде алты адамы бар екі жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Олар жолдың аталған бөлігіне сүрлеу жолмен, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрған кезекші постты айналып өтіп бара жатқан деп хабарлайды Алматы облысы төтенше жағдай департаментінің ресми сайты.

"19 желтоқсанын күні сағат 16.40-та Алматы облысы ТЖД кезекші қызметіне Алакөл ауданында "Үшарал-Достық" автожолының 92 шақырымында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті" , - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ТЖД хабарлауынша, қар құрсауына түскендер жолдың аталған бөлігіне сүрлеу жолмен, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрған кезекші постты айналып өтіп бара жатқан.

Алматы облысы ТЖД құтқарушыларының (3 құтқарушы және 1 бірлік техника - "вахтовка" КамАЗ) және "АБК Автодор" ЖШС қызметкерлерінің (2 қызметкер және 1 бірлік Анкадор) күшімен қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Автокөлік салондарында 3 адам болған. Аталған көлік құралдары Достық станциясына бағыт алған, эвакуацияланғаннан кейін Көктұма ауылына қайтарылды.

Сондай-ақ, 20 желтоқсанға қараған түні "Үшарал-Достық" автожолының 135 шақырымында Тоқты учаскесінде салонда үш жолаушысы бар бір жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, оның біреуі бала. Оларда ТЖД қызметкерлерімен (4 қызметкер және 1 бірлік техника) құтқарылды. Бұл автокөлік ШҚО-ға қарасты Жарбұлақ ауылы жағынан жабық автожолға шыққан.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890067-almaty-oblysynda-eki-zeil-avtoklik-kar-krsauynda-kalyp-kojgan/