RU

Елордада Қосшы бағытындағы автобус жолағы өз жұмысын тоқтатады

Сөмкесі бар жігіт автобус қасында тұр
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда Қосшы бағытындағы Қабанбай батыр даңғылының автобус жолағы 20 желтоқсаннан бастап өз жұмысын тоқтатады деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейін автобус жолағы алынып тасталды.

Қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган - Әкімшілік полиция департаментімен келісім бойынша қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890070-elordada-kossy-bagytyndagy-avtobus-zolagy-z-zmysyn-toktatady/