RU

Өткен тәулікте тағы 652 адамнан коронавирус анықталды

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясына қатысты соңғы деректері жария етті. Өткен тәулікте 652 адамнан COVID-19 анықталды деп жазады Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

"Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 58

Алматы қаласы - 72

Ақмола облысы - 58

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 41

Атырау облысы - 49

Шығыс Қазақстан облысы - 68

Жамбыл облысы - 8

Батыс Қазақстан облысы - 40

Қарағанды облысы - 30

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 13

Павлодар облысы - 75

Солтүстік Қазақстан облысы - 63

Түркістан облысы - 5

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 147 236-ға жетіп отыр.

Еске сала кетейік, үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

Оған сәйкес, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі.

Сонымен бірге Қазақстанда оқушылардың екінші және үшінші тоқсанда, сондай-ақ студенттердің ІІ семестрде қалай білім алатыны белгілі болды.

Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9, 11, 12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылады.

II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890088-tken-tulikte-tagy-652-adamnan-koronavirus-anyktaldy/