Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатаң шектеу шаралары енгізілген Лондон тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр

Опубликовано:

Лондон халқы
Көрнекі фото: Justin Setterfield/Getty Images

Коронавирустың жаңа штаммы салдарынан шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін Лондон тұрғындары қаладан жаппай кете бастады деп хабрлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, жаңа шектеу шаралы күшіне енгенше қаладан шығып кеткісі келген азаматтар Лондонның ірі вокзалдарында жиналып қалған.

Сондай-ақ Лондонды елдің басқа өңірлерімен байланыстыратын негізгі автокөлік магистральдарында да кептеліс пайда болған.

Бұған дейін Ұлыбритания билігі елде анықталған коронавирустың жаңа штаммы әдеттегі вирустан 70%-ға тез тарайтындығын айтқан еді. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен еш ерекшеленбейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, COVID-19 жаңа штаммы сонымен қатар Нидерланды, Дания, Австралиядан да табылған.

Бірнеше мемлекет коронавирустың өршуіне байланысты Ұлыбританиямен көлік байланысын тоқтатқан.

Айта кетейік, Ұлыбританияда пандемия басталғалы бері 2 040 147 адам коронавирус жұқтырған, соның 67 401-і қайтыс болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ел астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шараларын енізуге қатысты мәлімде жасаған еді.

Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, жабық жаттығу залдары жұмыс істемейді.

Халыққа ғимарат ішінде кездесуге, шетелге шығуға рұқсат етілмейді. Отбасылық мереке саналатын Рождество тойланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1890092-kata-sekteu-saralary-engizilgen-london-trgyndary-kaladan-zappaj-ketip-zatyr/

pixel