RU

Apple бірқатар елде дүкендерін уақытша жапты

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Apple компаниясы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Калифорния штатында 53, Ұлыбританияда 16 дүкенін жапты деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Сонымен қатар басылымның мәліметінше, компанияның Аляска, Миннесота, Небраска, Нью-Мексико, Оклахома, Орегон, Теннесси және Юта штаттарындағы бірнеше дүкендері уақытша жұмыс істемейді.

20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияда, сондай-ақ Мексика мен Бразилияда Apple-дің 16 дүкені уақытша жұмысын тоқтатты.

1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар, "ақылды сағаттар" және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісімен айналысады.

Айта кетейік, Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталып жатыр.

Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара округі (Калифорния) прокурорының мәліметінде осылай делінген.

Мойер полиция басшысына жалпы құны 70 мың доллар болатын 200 iPad ұсынған. Ал адвокаттың айтуынша, топ-менеджер өзіне тағылған кінәні мойындамай, ақталып шығатынына сенімді.

Оның сөзіне қарағанда, гаджеттер шынымен де шерифке берілуі керек болған және қаруға да рұқсат сұралған.

Бірақ бұл екі әрекетті байланыстыратын ештеңе жоқ, деп келтіреді қорғаушының сөзін CNBC. Сот отырысы 2021 жылдың қаңтарында өтеді. Мойер темір торға тоғытылуы да әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890096-apple-birkatar-elde-dkenderin-uakytsa-zapty/