RU

Көптеген ел COVID-19 жаңа штаммына байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты

Әуежай
Көрнекі фото: Andrés Gutiérrez/picture alliance via Getty Images

Еуропа елдерінің көпшілігі, Аргентина, Түркия мемлекеттері британиялық билік коронавирустың жаңа мутациясы туралы жариялаған соң Ұлыбританияға әуе рейсі мен пойыз қатынасын тоқтатты деп хабарлайды BBC.

Нидерланды Ұлыбританияға жолаушылар рейсін 1 қаңтарға дейін тоқтатқанын хабарлады.

Франция барлық тасымалды, оның ішінде жүк көліктерінің қозғалысын да 48 сағатқа тоқтатқан.

Ирландия үкіметі Ұлыбританиядан келген рейстерге 48 сағатқа тыйым салынғанын мәлімдеді.

Ал Германияда көлік министрлігі Ұлыбританиядан келген ұшақтарға 20 желтоқсаннан кейін қонуға рұқсат бермеу туралы шешім қабылдаған. Бұған жүк тасымалының қатысы жоқ.

Бельгия Ұлыбританияға ұшу мен сол жатқан келетін пойыздарды кем дегенде 24 сағатқа тоқтатты.

Италия Ұлыбританиядан келетін барлық рейске 6 қаңтарға дейін тыйым салды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-дың Ұлыбританияда таралып жатқан жаңа штаммы алғаш рет Италияда тіркелген.

Ұлыбританиямен әуе тасымалын Австрия да тоқтатты. Ал Болгария Ұлыбританиядан 31 қаңтарға дейін рейс қабылдамайды.

Түркия да Швейцария сияқты Ұлыбританияға барлық рейсті уақытша тоқтатқан.

Франция Ұлыбританиядан жолаушы тасымалдайтын барлық рейске байланысты Ирландия, Италия, Нидерланды, Бельгия, Австрия, Болгария, Германия, Израиль мен Сальвадор сияқты шешім қабылдаған.

Ал Чехия британиялық рейстерге қарсы жаңа шаралар енгізді. Билік соңғы екі аптада Ұлыбританияда кем дегенде 24 сағат болған азаматтардың барлығы жексенбі, 20 желтоқсаннан бастап оқшаулану керегін хабарлады.

Аргентинада Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890106-kptegen-el-covid-19-zaa-stammyna-bajlanysty-lybritaniamen-ue-tasymalyn-toktatty/