RU

Атырауда үйленгеніне екі күн болған жігіт әпкесімен бірге жол апатынан көз жұмды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

19 желтоқсанда Атырауда тас жолда жол апаты болып, інісі мен әпкесі қайтыс болды. Көлікте олардан бөлек төрт бала болған деп жазады "Ақ жайық" басылымы.

Жол апаты Атырау-Индер тас жолында болған. "Приора Универсал" автокөлігі жылдамдықпен келе жатып, аударылған.

Оқиға салдарынан Индер ауданы Ынтымақ ауылының тумалары – 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әпкесі оқиға орнында көз жұмған.

Көлікте марқұмдардан бөлек төрт бала болған. Бүлдіршіндер аман қалған.

Басылымның жазуынша, көлік жүргізушісі жол апаты болардан екі күн бұрын үйленген. 19 желтоқсан күні таңертең ол Ақтау қаласында тұратын әпкесін балаларымен пойызға шығарып салуға бара жатқан.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.

Еске сала кетейік, 20 желтоқсанда Павлодар-Қызылорда тас жолында да жаппай жол апаты болып, бес адам қайтыс болған еді.

Қолайсыз ауа райы салдарынан Subaru Outback, Lada Granta және Тоyоtа Cаmry көліктері соқтығысқан.

Сонымен бірге 19 желтоқсан күні Алматы қаласында Lada Granta көлігі мен Yutong автобусының қатысуымен жол апаты болғанын хабарлаған едік. Салдарынан 6 адам жарақат алған.

Бұл факт қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сондай-ақ елордада бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтпек болған қызды көлік қағып кеткенін жазған едік.

19 жастағы астаналық ару оқиға орнында көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890124-atyrauda-jlengenine-eki-kn-bolgan-zigit-pkesimen-birge-zol-apatynan-kz-zmdy/