RU

"Головкин - жоғарғы лига": Шеремета өз жеңілісінен соң пікір білдірді

Шеремета
Фото: MatchroomBoxing

Польша боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген соң алғашқы рет пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өз мансабында алғаш рет жеңіліске ұшыраған Польша бокшысы жанкүйерлеріне Facebook парақшасында жазба арнады.

"Барлық достарыма, жанкүйерлерім мен таныстарыма сәлем. Сіздерге Головкинмен өткен кездесудің нәтижесі белгілі. Мен оңай болмайтынын, әр соққы маған ауыртпашылық әкелетінін сезгенмін. Мен құладым, қайта тұрдым, сонда да күресуді жалғастырдым",- деді Шеремета жазбасында.

Кейіннен спортшы кездесудің неге ерте аяқталғаны жайында өз нұсқасын жеткізді. Осыған дейін бұл жайлы тек оның промоутері айтқан болатын.

"Төреші бізге жетінші раундтан кейін келіп, менің денсаулығым үшін кездесуді тоқтатуды ұсынды. Бұл дұрыс шешім болды. Мен 12- раундқа дейін жетсем де, жекпе-жек қорытындысын өзгерте алмас едім. Бесінші немесе алтыншы раундтан кейін жіберіп алған соққыдан кейін менің тек жүрегім ғана күресті жалғастырғысы келді", - деп мойындады боксшы.

Ол кейіннен GGG жайлы жақсы пікір айтты. Боксшыс алдағы уақытта туыстарымен кездесіп, жағдайын қалыпқа келтірмек ниетте. Сөз соңында ол барлығына қолдау үшін алғыс білдірді.

"Осыған дейін айтқанымдай Головкин - жоғарғы лига. Мен құнды тәжірибе жинадым. Шынымды айтсам, осыған дейін 21 кездесуге қарағанда, осы жекпе-жектен көп тәжірибе алдым. Қазір болашақ туралы айтып, жоспарыммен бөліскім келмейді. Үйіме,жақындарыма, отбасыма оралғым келеді. Қолдауларыңызға рахмет. Менің ернім, құлағым мен жағым жазылып кетеді. Мінезіме не боларын көреміз",- деді Шеремета.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда Геннадий Головкин Камил Шереметаны нокаутпен жеңіп, рекорд орнатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890172-golovkin-zogargy-liga-seremeta-z-zeilisinen-so-pikir-bildirdi/