Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан соң не істеуге болмайды

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейлік медицина мамандары COVID-19 вакцинациясын салдырғаннан кейінгі сақтану ережелерін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Ағзаға түсетін ауыртпалықтардан аулақ болған жөн, мысалы қатты тону немесе, керісінше қатты ыстықтаудан, сол секілді аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін тағамдарды тұтынбағаныңыз дұрыс болады", деп мәлім етті Ресей Федерациясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы кең көлемді екпе салдыртуды бастау туралы бұйрық берді. 4 желтоқсанда Мәскеу қаласында жаппай вакцинациялау басталды.

Ресей ғалымдары әзірлеген Sputnik V вакцинасы клиникалық зерттеулердің екінші аралық талдауында 95% тиімділікті көрсетті. Созылмалы аурулары жоқ 18-ден 60 жасқа дейінгі адамдарға оны салуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890188-koronaviruska-karsy-ekpe-saldyrtkan-so-ne-isteuge-bolmajdy/

pixel