Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында әйел адам вагон ішінде өртеніп кетті (фото)

Опубликовано:

Өртенген вагонша
Оқиға орны. Фото: Қостанай облысы ТЖД

20 желтоқсанда таңғы сағат 5 шамасында Арқалық-Торғай тасжолын жөндеумен айналысатын жол ұйымына тиесілі екі жеке контейнер типтегі вагоннан өрт шықты. Оқиға салдарынан бір әйел қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қостанай облысы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, өрт шағын вагонның ішінен төсек жанында басталып, 25 шаршы метрді шарпыған.

Бұл оқиға салдарынан 53 жастағы әйел қаза тапты.

Бұған дейін ол ұйымда аспаз болып жұмыс істеген. Мамандар сымдардағы қысқа тұйықталуын болған жағдайдың ықтимал себебі ретінде атап отыр.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Атап айтқанда, электр желілерінің саулығын қадағалаңыз, қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланбаңыз, тұрмыстық техниканы қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз және т.б.

Еске сала кетсек, 14 желтоқсан күні таңғы сағат 04.30-да Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының аумағында №109 "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызына тіркелген жүк вагонынан өрт шыққан еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жүк вагонында газ баллоны жарылған.

Салдарынан бес адамды - екі жолсерікті, бір инкассаторды, бір Қазпошта қызметкері мен баланы күйік шалған.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысы, Тұрар Рысқұлов ауылында қайғылы оқиға болды. 15 жастағы жасөспірім иісті газдан уланып, көз жұмған. Шақыру орнына жеткен жедел-құтқару жасағы тексеру кезінде бөлмеге алауошақ қойылғанын, түтін мұржасы сыртқа шығарылмағанын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890192-kostanaj-oblysynda-jel-adam-vagon-isinde-rtenip-ketti-foto/

pixel