Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_tdk

Талдықорған маңында Audi және Toyota Camry көліктері cоқтығысып, салдарына алты адам зардап шекті. Олардың екеуі оқиға орнында қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген видео таңертең әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, апат 20 желтоқсаннан 21-не қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 318 шақырымындағы Қызылағаш ауылының маңында орын алған.

Көліктердің бірін 22 жастағы жігіт, ал екіншісін 32 жастағы әйелдің басқарғаны белгілі болды.

"Алдын ала нұсқа бойынша, Audi жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry-мен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі мен Toyota Camry көлігінің жолаушысының бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші шетелдік көліктің жүргізушісі мен екі көліктің үш жолаушысы Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890201-almaty-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apatynan-eki-adam-kaza-tapty/

pixel