Жеті рет сотталған ер адам бөтелкелес әйелді бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Опубликовано:

Ресейде 41 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйелді бесінші қабаттан лақтырып жіберген деп хабарлайды Ren.tv.
Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 19 желтоқсан күні күндізгі уақытта Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы Ленская көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған.
Жәбірленуші ер адамның үйіне қонаққа келген, олар бірге ішімдік ішіпті.
Кенет араларында жанжал туындап, күдікті алдымен әйелді соққыға жығып, содан кейін бесінші қабаттың балконынан оны төменге лақтырып жіберген.
Жоғары қабаттан құлаған әйел жабық бас-ми жарақатын алған. Сонымен қатар дәрігерлер жағы мен кеудесі және омыртқасы, жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады.
Одан бөлек, зардап шегугі ішінен жарақат алып, бүйрек үсті безі ажырап кеткен.
Ішімдікке сылқия тойып алып, қылмысқа барған ер адамның ұсталғаны белгілі болды. Бұрын ол құқық қорғау органдарының назарына 10 рет түскен. 7 рет сотталыпты. Соңғы рет 41 жастағы ер адам 2018 жылы кісі өлтіру қаупі үшін істі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890217-zeti-ret-sottalgan-er-adam-btelkeles-jeldi-besinsi-kabattan-laktyryp-ziberdi/