Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицей зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған: Тексеру басталды

Опубликовано:

Подозреваемый в попытке изнасилования в Шымкенте
Фото: instagram.com/kris.p.online

Әлеуметтік желіде Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдіктіні ұстау кезінен ақпарат пайда болды. Жазбада қолға түскен адаммен полиция қызметкерінің селфи жасағаны көрсетілген. Осы жағдайға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұны көрген желі оқырмандары жарыса пікірлерін қалдырды.

"Селфи жасаймыз ба? - Мен қаламаймын", "Сол жақтағысы (ред. -полиция қызметкері) күшті суретке түседі екен", "Бетпердесі қайда, әлеуметтік қашықтық ше, айыппұл салыңыздар бәріне" деп жазды олар.

Осы жағдайға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл қызметкерге қатысты ресми тексеру басталды. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп атап өтті ведомство.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте подъезде зейнеткерді зорламақ болған азамат видеоға түсіп қалған еді.

Болған жағдайдан кейін зейнеткер ауруханаға жүгінген. Алайда ол шабуыл салдарынан алған жарақаттары туралы ақпаратты дәрігерлердің жариялауына тыйым салған.

Шақырту жедел жәрдемге түскен. Дәрігерлер Шымкент тұрғынын №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, онда тиісті көмек көрсетілген.

"Әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себепті оны учаскелік дәрігер бақылауына алды. Қазір оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Кейінірек ішкі істер министрлігінің брифингінде ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз күдіктінің қолға түскенін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890231-symkenttik-policej-zejnetkerdi-zorlamak-bolgan-kdiktimen-selfi-zasagan-tergeu-bastaldy/

pixel