RU

Ақмола облысында ереже бұзған жүргізушіні кешірген полицей жазаланды (видео)

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/astana_sergek

Әлеуметтік желіде жол полициясы түсірілген видео мен жүргізушінің шағымы жарияланды. Жағдай Астрахань тас жолында болған. Бұл жағдайға қатысты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүргізуші айтқандай, кешкі уақытқа қарай ол Астрахань тас жолының бойымен келе жатып, қозғалыс кезінде тыйым салынған белгіні байқамай, патрульдік көлікті басып озған. Содан кейін оны полиция тоқтатқан.

Ер адамнан патрульдік көлікке отыруды өтініп, олар көрмеген белгіні көрсететіндерін айтады. Ол мұның бәрін алдымен оған қызметтік көлікте көрсетеді деп ойлағанын мойындады, бірақ оны белгі тұрған жерге апарған.

"Көлікте қолында нәрестесі бар әйелім қалғанын айттым, тәртіп сақшылары ескертуіңіз керек еді деп жауап берді", – деп түсіндіреді жүргізуші.

Нәтижесінде, ер адамның айтуы бойынша, ол өзінің көлігіне қайтуды талап еткеніне қарамастан, оны көлігінен 2 км қашықтыққа апарған қызметкерлер хаттама толтырғысы келген.

"Мен көліктен шығып, өз көлігіме жаяу баруға дайын екенімді айттым, себебі отбасым жолдың ортасында қалды. Сондағы олардың айтқаны: "Бара бер". Мен сырт киімсіз артқа қайттым", – деп шағымданады жүргізуші.

Жолда ер адамға жүк көлігі тоқтап, көлігіне дейін жеткізіп салған. Жүргізуші қызметкерлерге шара қолдануды сұрады.

Ақмола облысының полиция бөлімінде хабарламаға түсініктеме берілді.

20 желтоқсанда Екатеринбург-Алматы тас жолының 1158 шақырымында, Астрахан облысының Петровка ауылынан алыс емес жерде Toyota Camry жүргізушісін патрульдік полиция ротасы тоқтатқаны туралы хабарланды. Ол "Басып озуға тыйым салынған" деген белгіні байқамай, заңды бұзған.

Ер адам құқық бұзушылықпен келіспегендіктен, оған жол белгісіне қызметтік автокөлікпен бару ұсынылыпты.

"Белгі қойылған жерге келген жүргізуші қайтадан ереже бұзушылықпен келіспей, патрульдік автокөлікпен өзінің көлігіне жеткізуден бас тартты. Ол көліктен түсіп, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтата бастаған", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Содан кейін ер адам жүк көлігімен өзінің көлігіне қарай кетті деп атап өтті ведомствода. Полиция оның соңынан еріп, жүргізушімен сөйлесіп, ауызша ескерту жасаумен шектелді.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырмағаны үшін олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890232-akmola-oblysynda-policia-ereze-bzgan-zrgizusini-kesirgeni-sin-zazalandy-video/