Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да пәтерден 3 адамның денесі табылды: Қылмыстың мән-жайы айтылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында көп қабатты үйдің бірінде үш ер адамның денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 21 желтоқсанда Курчатовта атыс қаруымен аса ауыр қылмыс жасалған. Пәтерлердің бірінен үш ер адамның мәйіті табылды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзін өлтірген. Қайтыс болған адамдардың жеке басы анықталды, олар Курчатов қаласының тұрғындары", - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Әлеуметтік желіде бұл оқиға қала көшелерінің бірінде болды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Башқұрстанда өртенген қарттар үйінен 11 адамның денесі табылғанын жазған едік.

Ишбулдино ауылының Қызыл көшесінде мансардасы бар бір қабатты ғимарат жанып кеткен. Ғимаратта қарттар үйі орналасқан. Өрт сөндірушілер жалынды екі сағат ішінде сөндірді. Төрт адам сыртқа өзі шығып үлгерген. Жалында сөндіргеннен кейін ғимараттан 11 адамның денесі табылды. Олар қарттар мен мүгедектер болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890240-sko-da-pterden-3-adamny-denesi-tabyldy-kylmysty-mn-zajy-ajtyldy/

pixel