RU

Алматы облысында алғашқы беби-бокс қойылды (видео)

Беби-бокс
Фото: "КТК"

Алматы облысы Есік қаласында "Үміт бесігі" атты тастанды балаларға арналған арнайы орын пайда болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Емхананың директоры Жәмилә Әбеуова аталмыш беби-бокстың жанында ешқандай бейнебақылау камералары болмайтынын, барлығы құпия болатынын алға тартуда.

Айтуынша, бұл беби-боксқа қалдырылған балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетін болады.

"Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады. Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыруға мүмкіндігі бар. Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар", - дейді Әбеуова.

"Үміт бесігінде" балаларды арнайы жатқызып қоятын ыңғайлы орын қарастырылған. Одан әрі нәресте тікелей дәрігер бақылауына алынады. 

Орнатылған беби-бокстың видеосы желі парақшасында жарияланып үлгерген екен. Бұл жаңалықтың видеосымен Нұркен Халықберген есімді Facebook желісінің қолданушысы бөлісіп, желі парақшасында жазба жариялаған.

Ол видеода беби-бокстың алғаш қойылу сәтін көрсетіп, бұл жаңалықты осы жылдың ең жағымды жаңалықтарының бірі деп санайтынын мәлімдеді. Желі қолданушысы беби-бокстарда нәресте қауіпсіздігі үшін барлық жағдай қарастырылғанын да түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890271-almaty-oblysynda-algasky-bebi-bokstar-kojyldy-video/