Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті не себепті райынан қайтқанын айтты

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет : Olivier Galibert / flickr

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті ұсталғаннан кейін 70 жастағы кейуананы қалай торуылдап, арам ойынан не себепті айнып қалғанын тәптіштеп айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Шештім, сөйтіп ұстадым да, сонымен қалтасына қарадым. Мың теңге шықты. Шалбарымды шешіп жатқан кезде дауыс естіп, тұрдым да, есіктен шығып кеттім", - деп болған жайтты баяндады күдікті.

Күдіктінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған. Камера орнатылған үйде тұратын 70 жастағы кейуана ішке кіре бергенде, оны торуылдап артынан бірге кірген азамат зардап шегушіні буындыра бастаған.

Кейуана есінен танып құлаған соң, оның қалтасын ақтаруға кіріскен ер адам, өзі айтқандай мың емес, зейнеткердің сегіз мың теңгесін алған екен. Содан кейін ғана есінен танған зейнеткерді зорлауға әрекет еткен.

Кейуана есін жиған кезде ер адам оны бірнеше мәрте бетінен ұрғаны да бейнекамера жазбасынан көрініп тұр. Абырой болғанда ер адам арам ойын жүзеге асырып үлгермеген. Подъезд ішінен дауыс естілген соң ол бірден ізін суытқан.

Бүгінде зейнеткердің жағдайы жақсы. Ал күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.

"Аталған фактімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігімен және 120-баптың 1- бөлігінде көрсетілген тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы көзделген. Тергеу амалдары жалғастырылуда", - дейді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890272-symkentte-zejnetkerdi-zorlamak-bolgan-kdikti-ne-sebepti-rajynan-kajtkanyn-ajtty/

pixel