Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Солтүстік Қазақстанда 6 елдімекен карантинге жабылды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады деп хабарлайды Петропавловск.news.

Бұл шектеу шаралары Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың таралуы мен өршуіне жол бермеу және жағдайды бақылау деңгейінде ұстап тұру үшін қабылданып отыр.

Облыстың мемлекеттік санитар дәрігері Арман Күшбасовтың айтуынша, Есіл өңіріндегі төрт ауыл карантинге жабылды. Олар: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласы мен Таманское ауылына да карантин енгізілген.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және коронавирус жұқтырған адамдар санының азаюына байланысты Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл, Ақбұлақ ауылдарында, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Успенка ауылында, Тайынша мен Петропавлда карантин шараларының күші жойылды.

Еске сала кетсек, үкімет басшысы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізген болатын.

Оған сәйкес, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетіні туралы белгілі болған еді.

Бұған дейін премьер-министр мемлекет басшысына коронавирусқа қатысты елдегі ахуал туралы есеп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890278-covid-19-soltstik-kazakstanda-6-eldimeken-karantinge-zabyldy/

pixel