RU

Қазақстанда тағы 739 адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда шетелдіктерді тегін емдеу туралы шешім қабылдады
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 739 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 147 975-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 106

Алматы қаласы - 80

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 56

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 40

Атырау облысы - 62

Шығыс Қазақстан облысы - 75

Жамбыл облысы - 10

Батыс Қазақстан облысы - 45

Қарағанды облысы - 34

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 17

Павлодар облысы - 68

Солтүстік Қазақстан облысы - 62

Түркістан облысы - 5

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 147 975-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте індеттен 821 адам жазылып шыққан. Ел бойынша коронавирустан жазылғандар 132 427.

Еске сала кетсек, үкімет басшысы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізген еді.

Оған сәйкес, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетіні туралы белгілі болған еді.

Бұған дейін премьер-министр мемлекет басшысына коронавирусқа қатысты елдегі ахуал туралы есеп берген болатын.

Айта кеткен жөн, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890289-kazakstanda-tagy-739-adamnan-koronavirus-anyktaldy/