Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин eGov mobile-ға кірудің жаңартылған әрі жеңіл түрін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасына кірудің жаңартылған және жеңілдетілген жолын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін, мен уәде еткен eGov mobile-ға кірудің жаңартылған және жеңілдетілген нұсқасын көрсетемін. Бұрын Egov порталына тіркелу ыңғайсыз әрі қиын процестерден өту арқылы тура бақсылық етумен іспеттес екенін айтқан едім. Қазір, қуанышқа орай биометрия арқылы қолжетімді", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Осылайша, министр өз мысалында тіркелудің қаншалықты оңай екенін көрсетуді ұйғарған.

"Осы іске атсалысқан әріптестеріме және кері байланыс білдірген барлық белсенді азаматтарға алғыс айтқым келеді", – деді министр.

Еске салсақ, Бағдат Мусин күтпеген жерден халыққа қызмет көрсету орталығына барған болатын.

Осыдан кейін ведомство басшысы орталықтағы жағдайдан қандай ой түйгенін айтып, ХҚКО жұмысына өзгерістер енгізуді тапсырған еді.

ХҚКО-ға клиент ретінде барған министрдің сөзінше, онда барлығы да "қалағандағыдай емес" және санитарлық жағы да сын көтермейді.

Сондай-ақ елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын.

Министрдің тапсырмасымен бұл қызмет түрі 30 қарашадан бастап қайта жанданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890330-bagdat-musin-egov-mobile-ga-kirudi-zaartylgan-ri-zeil-trin-krsetti-video/

pixel