Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өз қызын өлтірді деп айыпталған британиялық азамат 20 жылға сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласында өз қызын өлтірді деп айыпталған британиялық азамат Баракат Мохамедке қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы британиялық ұшқышты кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырған.

Еске салсақ, бір жылдан астам уақыт бұрын, дәлірек айтсақ, 2019 жылғы 24 қазан күні Алматы қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды.

Бастапқыда әкесі өз қызын тұншықтырып өлтіргені туралы хабарланды. Кейін сәбидің денесінде соққының көптеген ізі бар екені айтылды.

Алматылық дәрігерлер қанша тырысқанмен, баланы аман алып қалуға мүмкін болмады.

Кейінірек бес жұлдызды қонақүйде болған өлімнің жаңа мән-жайы белгілі болды.

Қайғылы оқиға орын алған күні бес жұлдызды қонақ үйде ерлі-зайыптылар бір жарым жасар қызымен бірге болған.

Анықталғандай, әкесі кішкентай баласын өлтірмес бұрын оны аяусыз соққыға жыққан.

Тергеу амалдары нәтижесінде 1,5 жасар туған қызын өлтірді деп күдікке ілінген ер адам Алматы облысының тумасына үйленген Ұлыбритания азаматы болып шықты. Олар қайғылы оқиғаға дейін екі жыл бұрын отау құрған.

Егер күдіктінің кінәлі екендігі дәлелденсе, оның 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені де айтылған болатын.

Жазда айыпталушыға қатысты сот процесі басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890340-almatydagy-konak-jdegi-kyz-bala-limi-britanialyk-azamat-20-zylga-sottaldy/