RU

Toyota Ұлыбритания мен Франциядағы зауыттарының жұмысын тоқтатты

Тойота
Көрнекі фото: centralasia.media

Жапонияның ең ірі автомобиль корпорациясы Ұлыбритания мен Франциядағы зауыттарының жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұған Еуропадағы коронавирустың жаңа штаммына байланысты шекаралардың жабылуынан туындаған логистикалық сәтсіздіктер себеп болып отыр деп жазады CentralAsia.

Киодо агенттігіне сілтеме жасаған басылымның жазуынша, зауыттар бейсенбіден бастап Рождество мен жаңа жыл мерекесі қарсаңында жабылуы керек болған, алайда уақыт ауысқан.

Ұлыбританиядағы Toyota зауыттары сейсенбі мен сәрсенбіден бастап, ал Франциядағы құрастыру зауыты сейсенбі күні түстен кейін жұмысын тоқтады.

Компания кейбір қосымша қорлар болса да, шекараның жабылуы тасымалға әсер етуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Айта кетейік, Франция коронавирустың жаңа штаммынан үрейленіп, Ұлыбританиямен шекараны 20 желтоқсаннан бастап 48 сағатқа жауып тастаған еді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл Довер портының айналасында үлкен кептелістер тудырған.

Еске сала кетейік, Еуропа елдерінің көпшілігі, Аргентина, Түркия мемлекеттері британиялық билік коронавирустың жаңа мутациясы туралы жариялаған соң Ұлыбританияға әуе рейсі мен пойыз қатынасын тоқтатты.

Атап айтсақ, Нидерланды Ұлыбританияға жолаушылар рейсін 1 қаңтарға дейін тоқтатқанын хабарлады.

Ирландия үкіметі Ұлыбританиядан келген рейстерге 48 сағатқа тыйым салынғанын мәлімдеді.

Ал Германияда көлік министрлігі Ұлыбританиядан келген ұшақтарға 20 желтоқсаннан кейін қонуға рұқсат бермеу туралы шешім қабылдаған. Бұған жүк тасымалының қатысы жоқ.

Бельгия Ұлыбританияға ұшу мен сол жатқан келетін пойыздарды кем дегенде 24 сағатқа тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890374-toyota-birnese-elde-zauyttaryny-zmysyn-toktatty/