RU

Маңғыстау облысында ағайынды екі бала құдыққа құлап, қайтыс болды

Құдық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы жеке үйлердің бірінде екі бала құдыққа құлап, мерт болды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, алты және он бір жастағы ағайынды екі баланың өліміне байланысты аудандық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптаманың тағайындалғаны белгілі болды.

Қайғылы жағдай кеше, 21 желтоқсанда түстен кейін орын алған. Оқиға болған уақытта құдықтағы су деңгейі 1,8 метрден аспаған, алайда бұл тереңдіктен екі бала өз бетінше шыға алмапты.

Еске сала кетсек, Башқұртстанда әйел адамның темір қоршауға қысылып қалып, үсіп өлгенін жазған болатынбыз. Марқұм түні бойы басымен төмен салбырап тұрған.

Сонымен қатар, Өскеменде беті ашық қалған құдыққа жергілікті тұрғындардың бірі құлап кеткен. Бірнеше сағат бойы көмек шақырған әйелді сол маңдағы адамдар естіп қалып, оны шығарып алған.

"Біз біреудің айқайын естідік, одан кейін қоршаудың артына секіріп, көмек беруге тырыстық. Бұл қорқынышты! Құдық терең болғандықтан, ересек адам да өздігінен шыға алмайды", - дейді құдық орналасқан көшенің тұрғыны Юлия.

Белгілі болғандай, құдыққа құлаған әйел суық 3 сағат отырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890383-magystau-oblysynda-agajyndy-eki-bala-kdykka-klap-kajtys-boldy/