Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің келер жылы жекпе-жекке шығатын қарсыластары анықталды

Опубликовано:

Головкин1
Фото: instagram.com/gggboxing

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 2021 жылы жекпе-жекке шығатын екі қарсыласы белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл туралы The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер айтты.

"Егер "Канело" болмаса, Головиннің келесі қарсыласы кім болмақ? Ең ықтимал нұсқа – мексикалық Хайме Мунгия. Дереккөздерге сенсек, кездесу көктемге жоспарланып отыр.

Енді біреуі: супер жұлдыз болып саналатын олимпиада чемпионы Риота Муратамен Токиода жұдырықтасу. Головкин осы екі айқастың фавориті болмақ және бұл оны күзде одан да маңызды жекпе-жекке ынталандырады", – деді Коппинджер.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін поляк Камил Шереметамен жұдырықтасты.

Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, жекпе-жек соңында қазақстандық боксшы маңызды мәлімдеме жасады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар, Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890390-golovkinni-keler-zyly-zekpe-zekke-sygatyn-karsylastary-anyktaldy/

pixel