Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнеткерді зорламақ болған ер адаммен селфиге түскен полицей жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Шымкенте зейнеткерді зорламақ болған күдікті мен полицей
Фото: instagram.com/kris.p.online

Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицей жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Шымкент полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған болатын.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген.

"Сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады", - делінген хабарламада.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен полицей өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны, қызметтік дисциплинаны бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен алынды.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте подъезде зейнеткерді зорламақ болған азамат видеоға түсіп қалған еді. Оқиға 17 желтоқсан күні болған.

Болған жағдайдан кейін зейнеткер ауруханаға жүгінген. Алайда ол шабуыл салдарынан алған жарақаттары туралы ақпаратты дәрігерлердің жариялауына тыйым салған.

Шақырту жедел жәрдемге түскен. Дәрігерлер Шымкент тұрғынын №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіп, онда тиісті көмек көрсетілген.

Кейінірек ішкі істер министрлігінің брифингінде ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз күдіктінің қолға түскенін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890410-zejnetkerdi-zorlamak-bolgan-er-adammen-selfige-tsken-policej-zmystan-kuyldy/

pixel