Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Антарктидаға да жетті: Континентте 36 адам дерт жұқтырған

Опубликовано:

Антарктида
Көрнекі сурет: pixabay.com

Осы күнге дейін ешбір адамнан коронавирус анықталмай келген жалғыз континент - Антарктиданың өзіне де дерт жетіп үлгерді. Чилидің Антарктидадағы ғылыми станциясында дертті жұқтырғандар табылған деп жазады ren.tv.

Жергілікті Tercera басылымының мәліметіне сәйкес, континентте 36 адамға COVID-19 диагнозы қойылып отыр.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары Bernardo O’Higgins Riquelme атты антарктикалық ғылыми станциясында тіркелген. Ауырған 36 адамның 26-сы әскери қызметкерлер, ал 10-ы базада жоспарланған жұмыстарды жүргізген мердігер компанияның қызметкерлері.

Ауру белгілері байқала бастағаннан кейін барлық дерт жұқтырған адамдар эвакуацияланды. Содан кейін базаның іші дезинфекцияланды. Осылайша, бүгінде әлемнің барлық континенттерінде тіркеліп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда өндірілетін коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының шамамен қанша тұратыны белгілі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "сары" аймаққа енгенін жазған болатынбыз. Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта тек Атырау облысы ғана бар.

Сонымен қатар, ұлыбританиялық ғалымдар мутацияға ұшыраған коронавирус балалар үшін қауіпті екенін айтып, дабыл қаққанын жазғанбыз. Мамандар қазірдің өзінде вирустың бұл түрі бұрынғыға қарағанда кем дегенде 50%-ға жұқпалы екендігін растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890411-koronavirus-antarktidaga-da-zetti-kontinentte-36-adam-dert-zktyrgan/

pixel