Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам өліміне кінәлі: Павлодарда сотталған экс-полицей қыруар ақша төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Марқұм Асхат Әбіловтің туыстары қылмыстық іс бойынша үкім шыққаннан кейін бір жылдан соң моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық сотқа арыз берді. Нәтижесінде сотталушыға оның алты жақынына жалпы сомасы 5,5 миллион теңгені төлеуге міндеттелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар қалалық сотының шешіміне сілтеме жасап.

Адам өлімі туралы қылмыстық іс бойынша сот процесінде туыстарының бірі ғана азаматтық талап арызымен жүгінді. Үкім шығарған уақытта, оған 2 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеуге келісім берілді.

Ал осы жылы басқа туыстарының қалалық сотқа жүгіне бастағаны белгілі болды. Іс соңында біріктіріліп, қайта қаралған.

"Сот сотталушыдан үш Әбіловтың пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын сомасын өндіріп алу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, сотталушыдан екі Әбіловтің пайдасына әрқайсысы миллион теңгеден моральдық зиян сомасын өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Ал сотталушыдан Керімшееваның пайдасына кәмелетке толмағандардың мүдделері үшін екі миллион теңге көлемінде моральдық шығын сомасын өндіруді талап етті", - деді Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған тәртіп сақшысы желіде қызу талқыға түскен болатын. Осыған байланысты түсініктеме берген қалалық полиция департаменті кеше тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

Ал бүгін оның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890422-adam-limine-kinli-pavlodarda-sottalgan-eks-policej-kyruar-aksa-tleuge-mindetteldi/

pixel