Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші тоқсанда қандай пәндер дәстүрлі форматта оқытылады

Опубликовано:

сынып
Көрнекі фото: Ақорда

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер дәстүрлі форматта оқытылатынын мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Аймағамбетов білім және ғылым министрлігінің ақпарат отырысында айтты.

Оның сөзінше, үшінші тоқсаннан бастап 9 бен 11-сынып оқушыларының 70 пайызы дәстүрлі форматта оқиды. Әсіресе ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер, деді министр. Сонымен қатар қиындық тудырып отырған пәндер де дәстүрлі форматта оқытылмақ.

"Сондықтан бұл мәселе бойынша сабақ кестесіне дейін әдістемелік ұсынымдарды дайындап, бүгін жібереміз. Үшінші тоқсаннан бастап талқыланған тәртіп бойынша жұмыс жүргіземіз", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, гимназиялық, лицейлік компонент бойынша қосымша өтетін сағаттар бар.

Сол сағаттардың негізінде де жалақы төленеді, деді ол. Аймағамбетов сол себепті бұл мәселе бойынша мектептің өздері ақылдасып, тиісті шешім қабылдауына болатынын жеткізді.

"Мұны дұрыс түсініп, ұйымдастыру қажет. Колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы бірінші курс студенттері бойынша таяуда нүкте қойылады. Әлі бір ай уақыт бар. Келген ортақ шешім бойынша оқуды ұйымдастырасыздар", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890449-ministr-sinsi-toksanda-kandaj-pnder-dstrli-formatta-okytylatynyn-ajtty/

pixel