RU

Қазақстанда бір аптада коронавирустан 49 адам қайтыс болды

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Қазақстанда бір аптада коронавирустан 49 адам қайтыс болды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасы.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 11;

Нұр-Сұлтан қаласында - 8;

Батыс Қазақстан облысында - 6;

Алматы облысында - 5;

Атырау облысында - 4;

Шығыс Қазақстан облысында - 4;

Павлодар облысында - 3;

Ақмола облысында - 2;

Қарағанды облысында - 2;

Ақтөбе облысында - 1;

Қостанай облысында - 1;

Маңғыстау облысында - 1;

Шымкент қаласында - 1.

Қазақстанда COVID-19 салдарынан барлығы 2 196 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қайтадан "сары" аймаққа оралды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайтында хабарланды.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта тек Атырау облысы ғана бар. Ал "сары" аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Бұл шектеу шаралары Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың таралуы мен өршуіне жол бермеу және жағдайды бақылау деңгейінде ұстап тұру үшін қабылданып отыр.

Облыстың мемлекеттік санитар дәрігері Арман Күшбасовтың айтуынша, Есіл өңіріндегі төрт ауыл карантинге жабылды. Олар: Явленка, Ясновка, Николаевка, Петровка. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаев қаласы мен Таманское ауылына да карантин енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890455-kazakstanda-bir-aptada-koronavirustan-49-adam-kajtys-boldy/