Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санитарлық пост қойылады": Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Өңірде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы жасақтап жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты деп жазады өңірдің "Қоғамдық коммуникация орталығы" Facebook желісіндегі парақшасында.

Қаулыға сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында санитарлық пост қойылады.

Нақтырақ айтқанда көрші облыспен шектесетін Бейнеу ауданы Боранқұл елді мекенінде өңірге өткізіп-шығару шаралары күшейтілмек.

Бұған Атырау облысының коронавирус көрсеткіштері бойынша қызыл аймаққа кіруі себеп болып отыр.

"Маңғыстау мен Атырау арасындағы әдеттегідей емін-еркін қатынас тоқтатылады. Осы бағытта қозғалу азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді маңызды тауарлар тасу үшін немесе жұмыс бабымен жүрген азаматтарға ғана рұқсат етілмек. Атырау облысының аумағында вахталық тәсілмен жұмыс істейтін өңір тұрғындары екі облыстың аумағынан еркін өте алады. Олардан ПТР тесттің нәтижесі сұралмайды. Алайда, Атыраудың аумағына өтуге рұқсат етілген азаматтар Маңғыстауға кері қайтар кезде санитарлық бекетте анкета толтыруға міндетті. Өйткені, олар әрі қарай медициналық бақылауда болады", - деді Надуев.

  • Тиісті құжатқа сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес, ашық, жабық базарлар қызметі 18:00-ге дейін қысқарады.
  • Сауда ойын орталықтары, гипермаркеттер, супермаркеттер жұмысы 22:00-ге дейін жалғасады.
  • Кинотеатр қызметіне 20:00-ге дейін ғана рұқсат берілмек.
  • Сонымен қатар, корпоративтік шаралар, той, балаларға арналған ертеңгіліктер мен тағы басқа бұқаралық жиындар және отбасылық отырыстарға қатаң тыйым салынады.

Надуев карантин талаптарының орындалуы ұдайы мониторинг топтарының бақылауында болатынын атап өтті.

Бұған дейін қонақ үй, хостел сияқты туризм саласындағы нысандар 70 пайыз толықтырумен жұмыс істесе, енді аталған мекемелер 50 пайыз сыйымдылықпен қызмет көрсетуге міндетті, дейді ол.

Өндіріс орындарынан басқа, кеңсе басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайыз қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс екендігі айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890468-sanitarlyk-post-kojylady-kazakstanny-tagy-bir-irinde-karantin-ksejtiledi/

pixel