RU

Қарағанды қалалық полиция басқармасына бомба қойылды деген хабар түсті

телефон
Көрнекі фото: http://zauralonline.ru/

Бүгін 112 нөміріне қоңырау шалған белгісіз ер адам Қарағанды қалалық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойылғанын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 желтоқсан күні сағат 16.30-да төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қаласының полиция басқармасы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына Қарағанды облыстық полиция департаментінен барлық шұғыл қызметтер тартылып, ғимаратта қызметкерлер эвакуацияланды.

Тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ.

ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған қоңырау шалған адам анықталды. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890471-karagandy-kalalyk-policia-baskarmasyna-bomba-kojyldy-degen-habar-tsti/