RU

Пара алған Қостанай облыстық білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алаяқтық жасап, пара алған білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары сотталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызметкерге қатысты іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік сүйемелдеу орталығының қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімі басшысының орынбасары Ш. қылмысын төтенше жағдай кезінде жасаған. Ш. жергілікті ЖШС өкілінен 14 млн теңге алған.

Ол серіктестікті мектептер мен колледждер үшін компьютерлер сатып алуға ойнатылған тендерде жеңуге уәде еткен. Алайда Ш.-ның мұндай өкілеттілігі болмаған. Ол серіктестік басшылығын алдап соққан. «Жаза тағайындау кезінде сот қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай есебінде төтенше жағдай мерзімін негізге алды.

Сот Ш.-ға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды», делінген соттың баспасөз хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Павлодарда сотталған экс-полицей қыруар ақша төлеуге міндеттелді.

Осыған дейін Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған тәртіп сақшысы желіде қызу талқыға түскен болатын. Осыған байланысты түсініктеме берген қалалық полиция департаменті кеше тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890475-para-algan-kostanaj-oblystyk-bilim-baskarmasyny-kyzmetkeri-10-zylga-sottaldy/