Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында белгілі Олимпиада жүлдегерінің 26 жылқысын ұрлап кеткен

Опубликовано:

жылқв
Видеодан кадр: polisia.kz

Лондонда өткен олимпиада ойындарының қола жүлдегері, белгілі балуан Ақжүрек Таңатаровтың қолды болған 26 жылқысы табылды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты polisia.kz.

Оқиға 11 желтоқсанда болған. Ақжүрек Таңатаров белгісіз біреулердің Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымнан 26 жылқысының ұрлағанын айтып полицияға шағымданған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы, 1 бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Тұрар Рысқұлов ауданы полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 31 жастағы Жарлысу ауылының тұрғыны ұсталған.

Күдікті бұған дейін осындай қылмысы үшін екі рет сотталған екен.

Ұрланған жылқылар спортшыға қайтарылды.

Осы ретте еркін күрестен Лондондағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің чемпионы және жүлдегері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек Таңатаров видео арқылы жедел әрекет еткен полицейлерге алғысын білдірген.

"Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлеріне рахмет. Осылай қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, жылқымды тауып берді", - дейді Таңатаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері тоғыз мал ұрлығы оқиғасына қатысы бар қылмыстық топты ұстаған еді.

Полицейлер айғақты зат ретінде олардан төрт сиыр, екі бұзау және үш қой, бір жылқы тәркілеген.

Сонымен қатар Павлодар облысындағы Борлы көлінде ұрланған бір үйір жылқы мұз астында қатып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890494-zambyl-oblysynda-belgili-olimpida-zldegerini-26-zylkysyn-rlap-ketken/

pixel