RU

Украинада министрлер борщ пісіруден сайысқа түспек

Борщ
Көрнекі фото: pixabay.com

Украинада үкімет мүшелері "борщ" тағамын пісіруден сайысқа түспек. Бұл туралы елдің Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігі хабарлаған деп жазады РИА Новости.

Украина Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, осылайша шенеуніктер украин борщының ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұсынылуын қолдау науқанына қатысады.

"Өкінішке орай, техникалық себептерге байланысты министрлер баттлының онлайн-трансляциясы болмайды. Алайда біз борщты бәрібір пісіріп, дәмін татып, солардың арасынан жеңімпазын анықтаймыз", - делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында.

Басылымның жазуынша, сайысқа Мәдениет министрлігінің басшысы Александр Ткаченко, Украинаның еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселелері бойынша премьер-министрінің орынбасары Ольга Стефанишина, Экология министрі Роман Абрамовский, Экономика министрі Игорь Петрашко қатысады деп күтілуде.

Баттл қатысушылары борщты танымал бас аспаз Евгений Клопотенконың мәзірі бойынша дайындайды.

Еске сала кетсек, елордада тұңғыш президент күні ұзындығы 31 метр болатын хот-дог әзірленген еді.

Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілінің айтуынша, аспаз Александр Плотников тек Қазақстан рекордын ғана емес биыл ешқандай өзгерістер болмаса әлемдік рекордты да жаңартты деп санауға болады.

Александр аталмыш хот-догты дайындауға шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет және 5 күн уақытын жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890506-ukrainada-ministrler-bors-pisiruden-sajyska-tspek/