Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық әйел екі баласын жалдамалы пәтерде тастап, ізін суытқан

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Атырау тұрғыны балаларын жалдамалы пәтерге тастап кеткен. Енді балалар құқығын қорғау жөніндегі комиссия оның ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін деп хабарлайды Ақ Жайық.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, әйел адам 5 және 3 жасар екі қызымен Атырау қаласындағы Тельман көшесінде пәтер жалдап тұрған.

Ақтауда тұратын 18 жастағы үлкен қызы күзде анасы оған телефон соғып, сіңлілеріне қарауды өтінгенін жеткізіпті. Өзі белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралуды ойламаған, дейді ол.

Үлкен қызы анасы келмеген соң құқық қорғау қызметкерлерінің қызметіне жүгінген.

Соңғы рет 35 жастағы әйелді Дүтбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен көргені белгілі болды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі осыған дейін балалар бейімдеу орталығына орналастырылғанын және Атырау тұрғыны "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаған еді.

Ведомство басшысының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың сөзінше, жинақталған материалдар ата-ана құқығын шектеу мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданған.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы студент те жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған болатын. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, нәресте қатты салқын тигеннен көз жұмған.

Оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданы Жаңажол ауылында 23 қараша күні болған. Дәрігерлер ақпарынша, 19 жастағы қыз үйде дені сау баланы дүниеге әкелген. Ал кейінірек ол дәретханада өлі күйінде табылған. Анасы әзірге бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндірмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890587-atyraulyk-jel-eki-balasyn-zaldamaly-pterde-tastap-izin-suytkan/

pixel