Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы біздікі": Жас жігіт жоғары қабаттан тапаншамен аспанға оқ атты

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазнет қолданушылары жас жігіттердің "Алматы біздікі" деген сөзді қолданып, тапаншамен оқ атқан видеосын таратып жатыр. Көптің талқысына түскен роликке оңтүстік астананың полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі sergek.kaz тобында жарық көрді.

Кадрдан белгісіз жас жігіттің қолымен тапашаны көрсетіп, аспанға оқ атқаны көрінеді.

"Алматы - біздікі, брат", - дейді видео авторы.

Тағы бір видео түнде түсірілген. Онда жас жігіт тағы бір сөз тіркесін қолданып, аспанға оқ атқан.

Видеоға қалалық полиция түсініктеме берді.

"Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция қызметкерлері осы видеодағы адамдардың кім екенін анықтады. Олар заңсыз әрекеттері үшін ұсталып, жауапқа тартылатыны сөзсіз.

Видеода қандай қару қолданылғанын міндетті түрде анықтаймыз. Оның шынайы сәйкестігі мен шығу тегін зерделейміз. Қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890601-almaty-bizdiki-zas-zigit-zogary-kabattan-tapansamen-aspanga-ok-atty/

pixel