RU

Министрлік зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ережесін әзірледі

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі бір жолғы зейнетақы төлемдерін емдеу үшін пайдалану ережелерін әзірледі. Құжат жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында пайда болды.

Құжатқа сәйкес, емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін алдымен тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну қажет, онда біржолғы төлемдер есебінен емделуге жіберу туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алу керек.

Төлемдерді тек өзінің емделуіне ғана емес, сонымен қатар жақын туыстарын, ерлі-зайыптыларын, балаларын емдеуге де жұмсауға болады. Бұл жағдайда біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына беру жүзеге асырылады. Ақшаны басқаға бергеннен кейін алушының арнайы шотына аударылады - осы шотқа түскен қаражатты тізбеде көзделген медициналық қызметтерді төлеу үшін ғана пайдалануға болады.

"Алушы өзінің зейнетақы жинақтары шегінде біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге шексіз рет, оның ішінде тізбеде көзделген медициналық қызмет түрлерін шектеусіз пайдалана алады", - делінген құжатта.

Медициналық қызметтерді тек қолма-қол ақшасыз төлеуге болады. Құжатты қоғамдық талқылау келесі жылдың 6 қаңтарында жабылады.

Айта кетейік, мәжілісмендер қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін заң жобасына сенаторлар енгізген түзетулерді мақұлдады. Осылайша, құжат парламентте қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890610-ministrlik-zejnetaky-tlemderin-emdeluge-pajdalanu-erezesin-zirledi/