Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Алматыда павлодарлық азаматтан әскери арсеналды тәркіледі

Опубликовано:

Оружие, изъятое у казахстанца
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері оңтүстік астанада Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел мәліметтер бойынша, бұрын үш рет сотталған 1993 жылы туған азамат жалдамалы пәтерде сегіз бірлік әскери қаруды сақтаған.

Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков күдіктінің қамауға алынғанын мәлім етті.

Оның сөзінше, ер адамнан карабин, винчестер, “Макаров” жүйелі тапаншасы және әр түрлі үлгідегі бес шонтық мылтық табылып, тәркіленген.

Қару-жарақтың сот-баллистикалық сараптамаға жіберілгені белгілі болды.

"Оның барысында олардың шығу тегі, тиесілігі және қылмысқа қатыстылығы белгілі болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті азамат ұсталды", – деп хабарлады Берік Әбілбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қылмыстық топты ұстау бойынша операция видеоға түсіп қалғанын жазған едік. Қылмыстық топтың барлық мүшесі – 22-29 жас аралығындағы Талдықорған қаласының тұрғындары. Ұсталғандар Талдықорған, Сарқан және Көксу аудандарындағы 12 пәтерді тонағандарын мойындап, түсініктеме берген.

Одан бөлек, Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталғанын жазған болатынбыз. Жауап алу барысында күдіктілер жылқыны Сарыағаш қаласындағы жайылымдардың бірінде қараусыз жүрген жерінен жымқырғанын мойындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890638-policejler-almatyda-pavlodarlyk-azamattan-skeri-arsenaldy-trkiledi/

pixel