RU

Аягөз интернатындағы балалар өлімінен соң дәрігерлер сотталды

Дәрігер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Аягөз интернатындағы балалар өліміне қатысты қылмыстық іс Аягөз аудандық сотында қаралды. Сотталушы орындығында 2020 жылдың көктемінде бірнеше тәрбиеленуші қайтыс болған әлеуметтік қызмет көрсететін арнайы балалар орталығының үш медициналық қызметкері отырды.

Қызметкерлер (ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі және 4-бөлігі) міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыпталды, ол абайсызда бір, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелді.

Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметі оларға іс прокурор мен сотталушылар арасында жәбірленуші өкілінің келісімімен жасалған процессуалдық келісіммен келіп түскенін хабарлады.

Прокуратура екі айыпталушыға шартты мерзімнің 2 жылын және тағы бір айыпталушыға 3,5 жылын тағайындауды сұрады.

"ҚР ҚК - нің 317-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс онша ауыр емес санатқа жатады, ҚК-нің 317-бабы 4-бөлігі ауырлығы орташа санатқа жатады. Прокурор ұсынған жаза баптың санкциясына сәйкес келді. Айыпталушылар бұрын сотталмаған. Келісімде көзделгеннен гөрі қатаң жаза тағайындауға сотқа заңмен тыйым салынады", - деп түсіндірді Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот айыпталушыларды кінәлі деп таныды және келісімде көзделген жазаны, яғни 2 жыл және 3,5 жыл шартты мерзімді тағайындады.

Айта кетейік, басылым беттерінде балалардың зорлық-зомбылықтан қайтыс болғаны туралы ақпараттар көп жазылды.

Кейін эксгумация және екі коммиссиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Соның нәтижесінде үш баланың денесінде жарақат бары расталды.

Сараптамаға сүйенген мамандар олар өкпе фиброзы, екі жақты іріңді пневмония сияқты жанама аурудан көз жұмғанын атап өтті. Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Зәкімов пікір білдірді.

"Ауыр дене жарқатын алу фактісімен қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеуге полиция департаментіне жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу басқармасымен аталған дене жарақаттарын анықтауға қосымша шара қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890639-aagz-internatyndagy-balalar-liminen-so-drigerler-sottaldy/