RU

Газ орнына су құйған: Ақтауда жанармай бекетінің қулығы әшкере болды

жанармай
Көрнекі фото: www.uralskweek.kz

Автокөлік иесі техникалық тексеріс жүргізгенде баллонға сұйық газдың орнына су құйғанына көз жеткізген. Ал бұл факт Ақтаудағы автосервистердің бірінде анықталған деп хабарлайды аймақтық Lada.kz басылымы.

Ақтау қаласының тұрғыны көлігін тексеруге алып келгенде, механиктер көліктің газ баллонынан су тапқан.

Видеода ыдыс краны ашылғанда газбен араласқан суға ұқсас сұйықтық қысыммен ағып жатқаны көрінеді. 

"Біз диагностика жасап баллонды ашқанымызда, ыдысқа газ орнына су құйылғанын анықтадық. Бұл су қозғалтқыштың жұмыс істеу қалпын бүлдіреді. Одан кейін оны ауыстыруға тура келетін еді", – дейді видео авторы. 

Көлік иесінің айтуынша, ол соңғы рет Маңғыстау облысы, Бақұдық ауылы маңындағы жанармай құю бекетінен газ құйған екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жаңаөзен мектебіндегі волейбол командасының жаттықтырушысының шәкіртін ұрғаны үшін жұмысынан айырылғаны туралы хабарлаған едік.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатаев ұсынған ақпаратқа сәйкес, №3 мектеп директоры дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жұмыстан босату туралы тиісті бұйрыққа 20 желтоқсанда қол қойған.

Аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы пікір білдірген болатын.

Ведомство бұл жайт Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында коронавирус жағдайына байланысты көрермендердің қатысуынсыз өткен спорттық іс-шарада болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890666-gaz-ornyna-su-kjgan-aktauda-zanarmaj-beketini-kulygy-skere-boldy/