Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы біздікі": Тапаншамен аспанға оқ атқан жігіт елден кешірім сұрады

Опубликовано:

Өз әрекеті үшін кешірім сұрады
Видеодан кадр: Алматы Полиция департаменті

Алматыда тапаншамен аспанға оқ атқан жігіт ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған видео кейіпкеріне қатысты ақпаратты оңтүстік астана Полиция департаменті баспасөз қызметі жариялады.

Тәртіп сақшыларынң ақпарынша, Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері видеодағы 1996 жігітті анықтап, ұстады.

Қолға түскен азамат Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Видео түсірілгн уақытта Розыбакиев көшесінің бойындағы құрылысы бітпеген нысан аумағында болған.

"Азамат аталған нысанда сантехник болып жұмыс істейді. оның қолында травматикалық тапанша болған, ол видео кейіпкерінің мекенжайы бойынша анықталып, тәркіленді. Айтуынша, ол бұл іске әлеуметтік желіде танымал болу үшін барған",- деді Бостандық ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексі 287- бабы бойынша СДТБТ -ға тіркелді. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған соң азамат халықтан кешірім сұрады.

"Өз кінәмді мойындаймын, менің әрекетім заңғы қайшы екенін білмедім. Өз кінәмді мойындай отырып, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Кешіріңіздер мені",- деді ол.

Осыған дейін ведомство видеода қандай қару қолданылғанын міндетті түрде анықтайтынын хабарлаған еді.

"Оның шынайы сәйкестігі мен шығу тегін зерделейміз. Қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деген болатын Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890670-almaty-bizdiki-tapansamen-aspanga-ok-atkan-zigit-elden-kesirim-srady/

pixel