Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да өрт сөндірушілер отқа оранған көп қабатты үйден төрт баланы құтқарды (фото)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Фото: instagram / ШҚО ТЖД

23 желтоқсан күні түстен кейін Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер алты адамды құтқарып, тағы 40 адамды эвакуациялады деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми аккаунты.

Өрт Өскеменнің Қазақстан көшесіндегі 12 қабатты үйде шыққан. Оқиға орнында электр қалқанындағы кабельдің жанып жатқаны белгілі болды, сондай-ақ 2-ден 8-қабатқа дейін электрді есептегіш өртенген.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше электр энергиясын өз бетімен ажыратпақ болған 1988 жылы туған жігіт екі қолын күйдіріп алып, ауруханаға жеткізілді.

Газтүтіннен қорғау қызметі алты адамды құтқарды, оның төртеуі бала. 1932 жылы туған әже түтінге тұншығып, қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Өрт сөндірушілер ең алдымен қатты түтінденген подъезден баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады, оның арасында 6 бала бар.

Қазіргі таңда өрт сөндірілді, өртті ауыздықтауға 35 қызметкер мен 9 бірлік техника жұмылдырылған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сынақ зертханасының мамандары нақты себебін анықтауда.

Өрттердің электротехникалық себептері - өрт себептерінің ең көп таралған түрінің бірі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында өрт шыққан үйден бір отбасы мүшелері құтқарылғанын жазған едік. Өрт сөндірушілердің ақпараты бойынша, өртенген аумақ аз ғана болғанымен, оқиғаның таңғы уақытта орын алуы және түтіннің таралуы өте үлкен қауіп төндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890696-sko-da-rt-sndirusiler-otka-orangan-kp-kabatty-jden-trt-balany-ktkardy-foto/

pixel