RU

Қазақстанда тағы 754 адамнан коронавирус анықталды

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 754 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 149 462-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 118

Алматы қаласы - 90

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 57

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 60

Атырау облысы - 59

Шығыс Қазақстан облысы - 66

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 27

Қарағанды облысы - 35

Қостанай облысы - 65

Қызылорда облысы - 2

Маңғыстау облысы - 18

Павлодар облысы - 60

Солтүстік Қазақстан облысы - 63

Түркістан облысы - 8

Еске сала кетсек, үкімет басшысы Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізген еді.

Оған сәйкес, елімізде 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетіні туралы белгілі болған еді.

Бұған дейін премьер-министр мемлекет басшысына коронавирусқа қатысты елдегі ахуал туралы есеп берген болатын.

Айта кеткен жөн, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Сонымен қатар, кеше Алматы қаласының коронавирус бойынша "сары" аймаққа қайта кіргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890702-kazakstanda-tagy-754-adamnan-koronavirus-anyktaldy/