Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда автокөлік екі есеге қымбаттады

Опубликовано:

Көліктер
Көрнекі фото: rusautonews.com

Елімізде жаңа автокөліктердің құны соңғы алты жылда екі еседен астамға қымбаттаған деп жазады zakon.kz.

"КазАвтоПром" АҚ-ның келтірген деректеріне сенсек, 2020 жылдың 10 айында автокөліктің орташа құны 10,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде импорттық автотехника– 13,6 млн теңге, елде құрастырылатындары – 7,6 млн тенге.

2014-ші жаңа автокөліктің орташа құны 4,9 млн теңге болған екен. Бұл биылғы бағалардан 2,1 есеге арзан еді.

Айта кетейік, коронавирустың салдарынан елімізде жылжымайтын мүлік нарығы да айтарлықтай тұралап қалған. Су жаңа баспана мен іргесі бұрынырақта қаланған үйлерге де сұраныс төмендеп кеткен. Алайда шаршы метрлердің құны аспандап барады.

Мәселен, өткен тоғыз ай мен былтырғы көрсеткіштерді салыстырғанда жылжымайтын мүліктің құны Қазақстанда 15 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың бірі мұны теңгенің құнсыздануынан көрсе, енді бірі пандемияның ықпалы деп отыр. Қазіргі дерек бойынша, әсіресе Қарағанды мен Шымкентте пәтер шаршы метрінің бағасы өскен.

Ақтаудағы жағдай мүлдем басқа. Осыған дейін ғана шаршы метрлерінің құны шарықтап, Қазақстан бойынша пәтерлері ең қымбат үштікке еніп тұрған өңірде баспана құны арзандап жатыр.

Сарапшылардың дерегінше, Ақтаудағы бір шаршы метрдің орташа бағасы 178 мыңды құрайды. Тек теңіз жағалауында шоғырланған аудандардағы үйлердің құны басқаларынан 15 пайызға қымбат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890712-kazakstanda-avtoklik-eki-esege-kymbattady/

pixel