Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаға мұқтаж ару Бурабай курортында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған

Опубликовано:

Зорлық
Көрнекі фото: vse42.ru

Ақмола облысының полицейлері Бурабай курорттық аймағында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу дерегін ашты деп хабарлайды zakon.kz.

Полицейлер бірнеше рет істі болған Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 25 жастағы бойжеткеннің қаражаттан қысылып жүргенін пайдаланып, бір жылдан астам уақыт бойы оны Бурабай ауданында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Одан бөлек, ер адам бойжеткеннен сол аралықта ақша бопсалап келген екен.

Бүгінде аталған екі фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 308-бабы "Жезөкшелікке тарту" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

"Тәжірибе көрсеткендей, өмірде дұрыс жолын таппаған кейбір әйелдер осындай амалмен "оңай ақшаға" кенелуге мәжбүр. Көбіне бұл жолға алкогольге тәуелді және еркін жүріске салынған әйелдер түседі", - дейді полиция өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін пандемияда табыссыз қалған АҚШ-тың ең қымбат жезөкшесі билікті сотқа бергенін жазған едік. Өз шағымында элиталық жезөкше Невада үкіметінің кездейсоқ шешімдері заңды секс-қызметкерлерге қаржылық шығын әкелгенін мәлімдепті.

Одан бөлек, Алматыда зорлық құрбаны болған қыздың жеке мәліметін таратқан полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз. Азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтер заңмен қорғалады. Зорлық-зомбылықтың құрбанының жеке мәліметтерін жария етпеу жауапкершілігі оларды қорғап, сақтайтын мекемеге тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890720-aksaga-mktaz-aru-burabaj-kurortynda-zezkselikpen-ajnalysuga-mzbr-bolgan/

pixel