RU

Өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 11 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Елімізде коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмония құрбандарының саны артты. Өткен тәулікте бұл дерттерден 11 отандасымыз көз жұмған деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telagram-каналы.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан өткен тәулікте тағы 9 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, ведомство еліміздегі КВИ бойынша жағдайға қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 126 адам короновирус инфекциясынан (12 181 КВИ+ және 11 945 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 231 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында коронавирустың белгілері бар пневмонияға шалдыққандарға қатысты ақпарат жарияланды.

Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде бұр жертке 156 адам шалдықса, екі науқас көз жұмған.

Бір тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 83 адам жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тағы 754 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890726-tken-tulikte-covid-19-ben-pnevmoniadan-11-kazakstandyk-kajtys-boldy/